Eсекен Бекбембетов (1885, Атырау облысы - 1963) - Ембімұнай ардагері.
Өмірбаяны 1906-1911 жылдары — Ағайынды Нобельдер Серіктестігінде жер өлшеуші, Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігі мен Иманғара бұрғылау бөлімшесінің аралығында байланыс желісін жүргізу бригадасының жүмысшысы. 1911-1913 жылдары — Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінде мұнай ұңғымасын екпінді бұрғылау жұмысшысы. 1913-1915 жылдары — Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінде мұнайды көлік-арбамен жеткізіп тасымалдаушы. 1916-1923 жылдары — Сағыз мұнай кен орнында мұнай ұңғымасының бұрғышысы. 1923-1936 жылдары — Нармонданақ мұнай кен орны, Сагыз кен орындарында мұнай ұңғымасының бұрғышысы. 1936-1949 жылдары — Сағыз кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы.
Марапаттары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:1885 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:1963 жылы қайтыс болғандар Санат:Ембімұнай тұлғалары Санат:Доссор тұлғалары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері