Түкібай Айдаров (1920–2000, Түркістан облысы) — Ұлы Отан соғысына қатысушы (1941–1945), II дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. Білімі Республикалық Партия мектебін бітірген (1953).
Қызметі 1947–1965 жылдары – Қазақстан Коммунист партиясы Шымкент қалалық, облыстық комитеттерінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Коммунистік партияның Түлкібас, Ленин аудандық комитеттерінде хатшы. 1965–1986 жылдары – «Өзен» МАБ оқу комбинатының директоры, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресінде кәсіподақ комитетінің төрағасы, бөлім бастығы, мұнара құрастыру кеңсесі директорының орынбасары, трест басқармасының орынбасары, трест кәсіподағында топ комитетінің төрағасы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: «Мұнайшы» Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары