Артвин — Түркияның солтүстік-шығысындағы ил.
Географиясы Артвин илі шығысында — Армения, солтүстігінде — Гүржістанмен, шығысында — Ардахан, оңтүстігінде - Ерзурум, батысында — Ризе илдерімен шектеседі.
Кура өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан облыс. Чылдыр (Аракс бассейні).
Ешилырмак өзенінің орта ағысында орналасқан облыс (Қара теңіз бассейні).
Халқы Халқы — 192 мың адам (2000). Тұ;ріктерден басқа лаздар, аджарлар (мұсылман гүржілер).
Ең ірі қаласы — Артвин (23 мың адам (2000)), Хопа.
Әкімшілік бөлінуі Артвин илі 9 илчеге бөлінеді. 500px|center Ардануч (Ardanuç) Архави (Arhavi) Артвин (Artvin) Борчка (Borçka) Кемальпаша (Kemalpaşa) Мургул (Murgul) Хопа (Hopa) Шавшат (Şavşat) Юсуфели (Yusufeli)
Илдің құрамына 35 км Қара теңіз жағалауы (Хопа порты), Лазстан жотасы кіреді. Илдің көп бөлігі Чорохтың жағалауында.
Экономика Мал шаруашылығы. Чохора даласында, бау-бақша: алма, шабдалы, шие өседі, балара қожалықтары. Туризм дамуда. Чохорада бірнеше су электр стансасы орнатылған.
Тарихы Байырғы заманнан бері гүржілер қоныстанған жер. Көптеген елдердің құрамына еніп, 1627 жылы Осман халифатының қоластына кіреді. 1828 жылы, облыстың солтүстігі Артвинмен қоса Ресей патшалығына өтеді де, Батуми облысының Кутаиси губерниясының Артвин округі деп аталды.
1921 жылдан бері Карс келісімі бойынша осы аймақ Ардахан, Карс және Ығдырмен қоса Түркияға өтті.
Санат:Түркия илдері