Болат Оралұлы Ақшолақов (9 сәуір 1971, Гурьев) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2026 жылдан бастап Атырау облысының әкімі. Әр жылдары «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы (2025–2026), Президент кеңесшісі (2023–2025), Энергетика министрі (2022–2023), ҚазМұнайГаз басшысы (2011) болған.

Өмірбаяны Әкесі Орал Ақшолақов – мұнай-газ саласындағы беделді ғалым.

Білімі 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, ағылшын, орыс тілін меңгерген.

Қызметі 1993 жылдан бастап «Аlem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі;

1995 жылдан бастап Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры;

1997 жылдан бастап «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары;

2001 жылдан бастап Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-тапдампазы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры;

2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ БК үлес басқару жөніндегі атқарушы директоры;

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;

2008 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ электрэнергетикалық және мұнайгаз активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;

2010-2011 жылдары «РSА» ЖШС бас директоры басқарма төрағасы (мұнай-газ жобаларындағы өнімді бөлісу туралы келісімдер женіндегі өкілетті орган);Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ президенті;

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі;

2014-2016 жылдары "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры;

2016-2017 жылдары "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі;

2019—2021 жылдары — "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры;

2021—2022 жылдары — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор;

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап 2023 жылғы 4 сәуірге дейін — Қазақстан Республикасының энергетика министрі;

2023 жылғы сәуірден 2025 жылғы ақпанға дейін ҚР Президентінің Кеңесшісі қызметін атқарды.

2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы шілдеге дейін Kazenergy қауымдастығының төрағасы болды.Болат Ақшолақов KAZENERGY төрағасы қызметіне тағайындалдыВ Астане состоялось внеочередное Общее собрание членов Ассоциации KAZENERGY

2025 жылғы 1 мамырда жаңадан құрылған Қазақстан инвесторлар қауымдастығының кеңес төрағасы болып сайланды.Пресс-релиз о создании Ассоциации инвесторов Казахстана"

2026 жылғы 17 шілдеден бастап — Атырау облысының әкімі.Б.О. Ақшолақовты тағайындау туралы

Марапаттары Құрмет ордені; Астанаға 10 жыл медалі; Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;

Дереккөздер

Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:ҚазМұнайГаз тұлғалары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Самұрық-Қазына тұлғалары Санат:Қазақстан энергетика министрлері Санат:Атырау облысының әкімдері