Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан 1959, Шымкент) — қазақстандық саясаткер, экономист және экономика ғылымдарының кандидаты. 2012—2016 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты. 2009—2012 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрі болып қызмет етті.

Қысқаша өмірбаяны Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған. ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.); ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.) Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.) ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.) «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.) 1998 ж. бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары 1999 ж. бастап Қостанай қаласының әкімі лауазымдарында болды. 2000 ж. шілдеден бастап «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті 2000 ж. қарашадан бастап «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры 2001 ж. бастап «Қазтрансгаз» ЖАҚ президенті. 2003 ж. маусымнан бастап ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды. 2003 ж. қарашадан бастап дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. 28 тамыздан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі. 2012 жылғы қаңтардан 2016 жылға дейін бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Марапаттары «Құрмет» (2005) ордені «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы.

Отбасы Үйленген. 2 қызы, ұлы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘШІМ Нұрғали Сәдуақасұлы

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қостанай әкімдері Санат:Батыс Қазақстан облысының әкімдері Санат:Түркістан облысының әкімдері Санат:Қазақстан қоршаған ортаны қорғау министрлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері