Роквелл әдісі (, американ металлургі Rockwell құрметіне қойылған) — материалдардың (көбінесе металдардың) қаттылығын өлшеуге арналған әдіс. Ұшындағы бұрыш 120° (A, С болу мөлшері) болатын алмасты иденторды немесе шынықтырылған болат диаметрі 1/16 немесе 1,588 мм шарикті (В бөлу мөлшері) қаттылығы өлшенетін бетке батыру арқылы қаттылық анықталады. Роквелл әдісімен қаттылық шартты бірліктерде өлшенеді. Қаттылық бірлігі ретінде идентор үшының 0,002 мкм-ге осьтік жылжуына сәйкес келетін шама алынған. Роквелл әдісі бойынша сынау арнайыландырылған үстел үстіне қойылатын аспаппен жүрігізіледі. Ол қаттылық санын бірден көрсететін индикатормен жабдықталған.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Өлшеу техникасы Санат:Физика