Энстатит (грек. enstates – қарсылас, оның қиын балқитындығына орай аталған) – пироксендер тобына жататын минерал. Хим. формуласы: Mg2[Sі2O6]. Ол Fe2[Sі2O6] изоморфты қатарымен байланысқан, қоспалары: Cr2O3 (0,5%-дай), TіO2 (0,2%-дай), MnO (0,4%-дай),CaO (2%-дай), т.б. Ромбылық сингонияда кристалданады. Кристалдары қыс-қа призма немесе тақташа тәрізді. Агрегаттары ірі дән немесе пластинкалы болып келеді. Түсі ақ, сұр, сарғыш, қоңыр, жасылдау; шыныдай жылтыр, жіктілігі жетілген. Тығызд. 3,2 – 3,25 г/см3, қатт. Моос шкаласы бойынша 5,5; морт сынғыш. Жаралуы магмалық, сирек метаморфтық. Энстатит және бронзит – тасты метеориттердің минералы болып саналады. Диэлектрик ретінде кеңінен қолданылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Магний минералдары Санат:Силикат минералдар Санат:Пироксендер