Балғаным Балғынбайқызы Құлмағамбетова (1929 ж. 21 қарашада Батыс Қазақстан облысы.Жаңақала ауданы.Жаңақазан ауылында дүниеге келген .Астрахань облысы, Қарабайлы ауданы, Қарабайлы ауылына тұрмысқа шыққан — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1959).

Құлмағанбетова Балғаным Бағынбай қызы менің әкем Құлмағамбетов Қазыбектің туған апасы, бұл кісі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан болады ,Балғанымның туған анасы Ақкенже осы Жаңақазан ауылында туған жерінде жерлеген.Балғанымның уш ұлы Сакен,Бағдат,Айбек .Улкен ұлы Сакеннен Бибиткул,Арман деген немерелері бар,олар осы Батыс Қазақстан Орал облысында тұрады.Астрахань Қарабайдың ауылына тұрмысқа шыққан ол жер бұл кісінің туған жері емес.

Өмірбаяны Қазақтың мемлекеттік Қыздар институтын бітірген (1951). Қаз КСР ҒА Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған. 1957 жылдан осы кезге дейін ҚР Білім және мәдениет министрлігі жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім проблемалары институтында қазақ және орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту лабораториясының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. "Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің аффикстік түрленуі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Марапаттары "Қаз КСР халық ағарту ісінің озаты", "КСРО халық ағарту ісінің озаты", "Еңбек ардагері", "Ы.Алтынсарин" медальдарымен, Білім министрінің грамоталарымөн марапатталған. 200-ден астам оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер мен тілашар, дидактикалық материалдар, түсіндірмелі сөздіктердің авторы.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілін зерттеушілер