Михаил Лермонтов көшесі (Астана) - Михаил Лермонтов көшесі Ш.Уәлиханов көшесінен басталып, Ш.Жиенқ ұлова көшесінде аяқталады. Тараз, Асанқайғы көшелерімен және Күлтегін орамымен қиылысады. Ұзындығы - 826,6 метр. Михаил Юрьевич Лермонтов (1814-1841) - орыстың ұлы ақыны. Ол орыс әдебиетінде А.С.Пушкиннің ізбасары ретінде танылды. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі де соншалық зор. Бұл көшеде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері