Бөкен Серікбаев көшесі (Астана) - «Промышленный» тұрғын алабы. Б. Серікбаев көшесі Бәйшешек көшесінен басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 354,1 м. Бөкен Серікбаев (1894-1919) - Ақмола облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқандардың бірі. С. Сейфуллинмен бірге «Жас қазақ» атты жастар ұйымын құруға атсалысқан. 1918 жылы Ақмола уездік Кеңесі аткомы төрағасының орынбасары болды. Омбы лагерінде ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері