thumb|right thumb|right Болат — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа да элементтермен қорытпасыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6; темір, көміртек және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Болат - өндіру технологиясына байланысты құрамына көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер кіреді. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний және т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты төрт топқа бөлуге болады: Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері, вагон және кеме жасауда қолданады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Машина жасау болатынан әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өткізіледі. Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 Айрықша-физикалық қасиеттері бар болат көбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7

Болаттардың жіктелуі Химиялық құрамына қарай: Көміртекті Легирленген

Сапасына қарай: Кәдімгі Сапалы Жоғары сапалы Аса жоғары сапалы

Балқыту әдісіне қарай: Конверторлы Мартен Электрлі болаттар Балқытудың арнайы әдістерімен

Құрылымына қарай: Перлитті Аустенитті Ферритті Карбидті

Қолданылу аясына қарай: Конструкциялық Құрал-саймандық Арнайы қолданыс ҚұрылысТермиялық өңдеу технологиясы, авторлар : И. Е. Медведева, Ш. Н. Төлегенова, Е. С. Платонова, Л.А. Бекбаева ISBN 9786013206530 5-бет

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Malimetter.kz Болат өндіру реферат (қазақша)

Санат:Болат Санат:Құрылыс материалдары Санат:Темір құймалары Санат:Болат өндірісі