Жанна Исақызы Керімтаева-Сатыбалдиева (1952 жылы 7 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданының Абай атындағы ұжымшарында туған) — актриса.

Өмірбаяны Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты актерлік бөлімшесінің қойылымдық факультетін бітірген (1974) драма театры және кино актері. 1974 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының актері. 2002 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының оқытушысы.

Рөлдері Келесі кинофильмдерге түскен:

«Кочующий фронт» - Албанчи (Свердловск киностудиясы, 1970), «Үлкен жаңа жыл кеші» - Лайла (Рига киностудиясы, 1974), «Нан мен тұз» - Қарагөз («Қазақфильм», 1976), «Объяснение в любви» - Әнел («Қазақфильм», 1977), «Сыңғырық аптап мерзімі» - Шолпан («Қазақфильм», 1980), «Соңғы асу» - Тоқан («Қазақфильм», 1981), «Ловец» - Жәния (Орталық телевизия, 1987), «Долгий млечный путь» - Айша («Қазақфильм», 1989), «Аңыз Шоқан» («Қазақ-фильм», 1989), «Фонтан» («Ленфильм», 1989), «Түс ішіндегі түс» («Қазақфильм», 1993), «Құдайлардың сыйы» («Қазақфильм», 1998) және тағы басқа.

Марапаттары мен еңбектері «Актерлік шеберлік» оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы (2008). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеттің Құрмет грамотасымен марапатталған (1970). Киев қаласынағы Халықаралық кино байқауындағы Украина жазушылар одағы сыйлығының «Ленфильм» Бүкілресейлік кино байқауының «Алтын Дюк» сыйлығының иегері.

Отбасы Әкесі - Керімтаев Иса Төлеңгітұлы, К. Ушинский атындағы мектептің директоры. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сатыбалдиев Е.А., баспагер. Қыздары - Сатыбалдиева А.; ұлы - Сатыбалдиев М.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан киноактрисалары