Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция сыныбы бойынша бітірген.
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. Өнер жолы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра сыныптарын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы сыныбын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген.
Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003). Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы.
4 ән және романс жинағының, кинофильмдерге, театр спектакльдеріне арналған әуендердің, акапеллалық хор мен өңдеудің, оның ішінде: «Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының; «Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967); «Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің; «Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің; «Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның; «Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың; «Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының; хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың; А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің; оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің; «Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның; Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987); драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.
1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі. 2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет).
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991). КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991).
«Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған.
ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ
Үйленген. 3 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Құрманғазы атындағы консерваториясының орган залы композитордың құрметіне арналып, есімі берілді. (Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен залы).
Дереккөздер
Санат:1 тамызда туғандар Санат:9 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер Санат:КСРО сазгерлері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:XX ғасыр сазгерлері Санат:КСРО киносазгерлері Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Қазақстанның Еңбек Ерлері Санат:Отан орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан мәдениет министрлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Алматы музыка колледжі түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық консерваториясының ректорлары Санат:Қазақстан академиялық музыканттары Санат:КСРО академиялық музыканттары Санат:Опера сазгерлері Санат:Қазақстан киносазгерлері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұлғалары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:КСРО қоғам қайраткерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО халық депутаттары Санат:КСРО сазгерлер одағы мүшелері Санат:Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Санат:Қыздар педагогикалық училищесі оқытушылары Санат:Қазақконцерт тұлғалары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасы иегерлері