Тербеліс - белгілі бір уақыт ішінде қайталану дәрежесіне ие болған қозғалыстар немесе үрдістер.

Еріксіз тербелістер

Ауыспалы сыртқы әсерден пайда болып, онымен ұсталынып сақталатын тербелістер.

Гармониялық тербелістер

Синус немесе косинус заңдары бойынша күйдің өзгеруілері болатын тербелістер.Сөнетін тербелістер уақыт ағынымен қуаты азаятын тербелістер.

Бүгілісті тербелістер

Серпінді жүйенің кейбір бөлшектер бүктелісінің мерзімді түр өзгеруімен көрсетілетін тербелістер.

Иірілмелі тербелістер

Серпінді жүйенің кейбір бөлшектері айналымның мерзімді түр өзгеруімен көрсетілетін тербелістер.

Параметрлік тербелістер

Тербеліс жүйесінің параметрлердің мерзімді өзгеру жолымен қоздырылатын тербелістер.

Еркін тербелістер

Серпінді жүйенің тұрақты тепе-теңдік күйінен бастапқы ауытқуға ғана әкелетін, сыртқы әсер ету кезінде пайда болатын тербелістер.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт