Шағырлы – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде.Ұзындығы 110 км.

Бастауы Кішітау тауының (Ұлытау тау жүйесінің орталық бөлігінде) солтүстік беткейінен басталатын бұлақтар суының қосылуынан түзіледі, Ақшал қыстауынан төменірек Ұлы Жыланшық өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы 5 саласы бар,ірілері: Жаулыбай, Қарағанды. Жағасы көп жерде жарқабақты, тік жарлы, төменгі ағысында биіктігі 6 м-ге жетеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларыңда жекелеген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен аңғарында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Өзен суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Торғай су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері