Доскей (2001 жылға дейін — Зелёная Балка)Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.) — Қарағанды: Қарағанды облысының архивтер және құжаттама бөлімі, 2006. — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Доскей ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4853 4027 4081 101,3 1923 2009 104,5 2104 2072 98,5

Тарихы мен шаруашылығы Іргесін 1911 жылы Қызылқұдық қонысында украин қоныс аударушылары қалаған. Бастапқы атауы — "Зеленая Балка". 2001 жылы Доскей аулы болып езгертіледі. Округ аумағыңда 1929 жылы «Трудовик» ауыл шаруашылығы артелі ұйымдасқан. 1945 жылы В.И.Чапаев және Доскей атындағы ұжымшарларды біріктіру нәтижесінде Победа ұжымшары болып қайта құрылған. 1960 жылы «Победа» кеңшары аталды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін шаруашылығы мен сүтті ірі қара өсіру болды. 2004 жылы «Жеңіс-2004» ЖШС болып қайтадан іске қосылды. Жерінің жалпы ауданы 24,5 мың га. Округте кұс есіру және жұмыртқа ендірумен айнапысатын «Майқұдық кұс фабрикасы» ЖШС, шошқа өсірумен айналысатын «Медеу» жауапкершілігі шектеулі өндірісгік коммерциялық фирма және 15 шаруа қожалығы бар.

Инфрақұрылымы Кітапхана, орта мектеп, саз мектебі, пошта, телефон стансасы, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Белгілі айтыскер ақын Доскей Әлімбаевтың ескерткіш құлпытасы орнатылған. Орталық кеше Доскей Әлімбаев есімімен аталады. Доскей ауылы Социал Еңбек Ері Дәкия Асылбекованың туған жері, көшелердің біріне осы кісінің есімі берілген. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Сұрыптау темір жол стансасы 18 км жерде.

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері