Үштарау өзені – Жәмші алабыңдағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қызылтас тау жүйесі беткейлерінен ағатын бұлақ суларының қосылуынан түзіледі, Нұртайөзек өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 26 км. Жағасы аласа, арнасы ирелең. Сағасынан жоғарырақ табиғи бөгені бар. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды, жаздың ыстық айларыңда жекеленген қара суларға бөлініп кетеді. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері