Үңгіртас, Қарқаралы үңгірі – Қарқаралы тауларының солтүстік-шығысындағы гранит жартастағы табиғи қуыс.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орталығы Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.

Сипаты Үңгірдің биіктігі 4-5 м, ені 15-20 м, ұзындығы 8-10 м шамасында. Күмбез астында ірі қойтастар бар. Үңгірден Қарқаралы қаласы мен оның төңірегіңдегі орманды жоталардың кең-байтақ бейнесі көрінеді. Үңгірдің жоғары жағы дыбысты бірнеше рет жаңғыртатын жақпартастардан құралған. Үңгіртас бүкілодактық жаяу сапар шегу маршруттарының тізіміне енгізілген экскурсиялық аймақ.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан үңгірлері Санат:Қарағанды облысы географиясы