Николай Яковлевич Денинг 1951 жылы 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Тонкошуровка аулында туған. Неміс. Хронологиясы Целиноград ауылшаруашылық институтының экономика факультетін бітірген (1972), ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі экономист. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан). 1968 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - Көкшетау облысы Келлер ауданының «Коммунизмге жол» ұжымшарының бас экономисі. 1975 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау ауданының «Күсеп» кеңшарының бас экономисі. 1980 жылдан - Көкшетау облысының Қызыл ту аудандық ауыл шаруашылық басқармасының жоспар-экономикалық бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1985 жылдан - Көкшетау облысы Қызыл ту ауданының «Херсон» кеңшарының директоры. 1990 жылдан - Көкшетау облысы Қазақстан Компартиясының Келлер аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Көкшетау облысы Келлер аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Көкшетау облысы Келлер аудандық әкімшілік басшысы. 1995 жылдан - Көкшетау облысының Келлер ауданының әкімі. 1997 жылдан - Щучье ауданы әкімінің орынбасары, 1998 жылдан - әкімнің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаментінің бастығы (1999 жылдан - Ақмола облысы). 1999 жылдан - Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі. 2004 жылдан бері - Рудный Қаласының әкімі. Жетістіктері ҚР Президенті жанындағы ¥лттық кеңестің мүшесі. «Қүрмет» (2003), III дәрежелі «Барыс» ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы подполковник. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өз елінің патриоттары - жоғары білімді, жоғары білікті және сау-салауатты азаматтары бар әлемдегі құрметті, экономикалық дамыған, саяси тұрақтанған, егемөн, тәуелсіз мемлекет». Хоббиі - музыка; аккордеонда, баянда ойнау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, жылнама. Семья Үйленген. Жұбайы - Денинг Валентина Федоровна (1951 жылы туған). Ұлы - Денинг Виталий Николаевич (1972 жылы туған); Қыздары - Денинг Светлана Николаевна (1975 жылы туғае), Денинг Елена Николаевна (1988 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1951 жылы туғандар Санат:Рудный әкімдері