Құсанбаев Серік Сәдуакасұлы (1963 жылы туған, әйгілі айтыскер ақын, жыршы, әнші-термеші, журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қала) - айтыс ақыны.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Уақ тайпасынан шыққан.
Өмірбаяны 1963 жылдың 24 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1982-84 жылдары Қырым түбегіндегі Қара теңіз флотында әскери борышын өтеген. Білімі жоғары, Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын (қазіргі Shakarim University) тәмамдаған. 1988 жылдан ақындық өнермен айналысқан.
Шығармашылық жолы Халықаралық, республикалық және аймақтық дәрежелерде өткізілген ірі-ірі жыр сайыстарының 15 дүркін бас жүлдегері. "Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Көкдауыл», «Дүбірге толы дүние», «Байбура ашуы» атты кітаптардың авторы. Туындылары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады. Серіктің айтыс сахнасында көтерген ұлттық сарындағы өзекті мәселелері республикалық басылымдарда жарияланып, айтыс көрермендері мен республика жұртшылығынан, елімізге танымал Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, М.Жолдасбеков, С.Негимов, Т.Жұртбаев, Қ.Мырзалиев, А.Сейдімбеков, М.Сәрсекеев, М.Жаманбалинов сынды ғалымдар мен жазушы-қаламгерлер тарапынан жоғары бағасын ала білген. Өз өнерін Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерінде паш етіп, барлық сапарлардан абыройлы оралған. Серік Сәдуақасұлы ұзақ жылдар Павлодар облысында тұрды.
2004 жылы туған өлкесіне оралған ақын, қазіргі таңда жас ақындарға ұстаздық етумен айналысады. С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанынан «Семсер» ақындар мектебін ашып, жас ақындарды тәрбиелеуде.
2007 жылдың сәуір айынан бастап облыстық «Дидар» газетінің (қазіргі «Altai-News» медиа-орталығы» Шығыс Қазақстан облыстық «Didar» газеті) арнайы тілшісі.
Марапаттары
Айтыс саласындағы орасан еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін Серік Құсанбаев 1995 жылы ҚР Министрлер кабинетінің, 2000 жылы ҚР Президентінің, 2007 жылы Мәдениет министрлігінің мақтау грамоталарымен марапатталған. 2019 жылы Петропавл қаласында өткен республикалық ақындар айтысында бас жүлдені иеленді. «Айтыстың ақтаңгері», «Қазақстанның құрметті журналисі», «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» атақтарының иегері.
Шығармалары Құсанбаев, С. Жырлаумен өткен 20 жыл [Мәтін] : эссе-баян, айтыстар / С. Құсанбаев. - Алматы : Қазығұрт, 2011. - 360 б. Құсанбаев, С. Байғыз [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар / С. Құсанбаев. - Павлодар : ЭКО, 2001. - 224 б.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар