Серік Назтайұлы Асамбаев (17.5.1944 жылы туған, Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы) – энергетик, техника ғылымдарының докторы (1990), профессор (1993).
Саратов политехникалық институтын (1968) бітірген. Мәскеу энергетика институтының аспиранты (1974). Павлодар индустриялды институтында ассистент, оқытушы, доцент (1968–1981), Алматы энергетика институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1981–1991), ҚР Алматы энергетика білімін жетілдіру институтының ректоры (1991–99) қызметтерін атқарады.
Асамбаев 80-ге жуық ғылым еңбектің авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1944 жылы туғандар Санат:Жітіқара ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар