ҒАЛИЕВА Гүлжиһан (Ордабаева), Гүлжаһан Қалиқызы (11.11.1917, Алматы - 1982, сонда) - Қазақстанның халық артисі (1968), актриса, көркемсөз оқушы.

Сары Үйсін руынан шыққан.

Мәскеу қаласындағы театр өнері ин-тының жанындағы қазақ студиясын бітірген (1938). 1941 ж. Қазақ ақад. драма театрында, 1941 - 1946 ж. Орт. біріккен қиностудияда актриса, 1946 - 1965 ж. Қазақ филармониясында конферансье, 1965 - 1982 ж. Эстрада және цирк өнері студиясында (қазіргі Рес.п. эстрада-цирқ өнері қолледжі) директоры қызметін атқарған. Ол сондай-ақ, "Гүлдер" ансамблі мен Қазақ циркінің негізін қалаушылардың бірі. Ғ. - көрқемсөз оқудын, концерттік бағдарламалар жүгізудің шебері ретінде халық жадында қалды. Оның репертуарында Жамбыл, М.Әуезов, Т. .Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Молдағалиев, т.б.шығармалары болды. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендері мен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1917 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстан актрисалары