Рахметолда Сәлменов (1 қаңтар 1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5 қаңтар 1970, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966).
Өмірбаяны 1930-1934 ж. кен өндіретін жерде, т.б. әр түрлі жұмыстар жасады.
1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында, сонымен қатар қазақ опера және балет театрында (1935- 39) қызмет етті.
1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазақ академиялық драма театрының құрамында Қазан, Уфада өнер көрсетті.
Ойнаған рөлдері Негізгі рольдері: Көкбай, Кобей, Есен, Жарылғап (М.Әуезовтің "Абай", "Енлік - Кебек", пен "Қарагозінде"), Қарабай, Қарасақал, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Актоқтысында"), Сабатай (Ш.Құсайыновтың "Марабайында"), Жекшенқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасы" бойынша), т.б. 1938 жылдан киноға түскен: Серік ("Амангелдіде"), Еркінбай ("Әзілшыны араласта", 1963), Базарбай ("Алдар көседе", 1964), т.б.
Фильмографиясы 1938 - Амангелді - Серке 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Қарабай 1960 - Бір ауданда - Сұлтанқұлов 1961 - Алёнка - сатушы 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - Еркімбай 1963 - Менің атым Қожа - колхозшы 1964 - Алдар көсе - Жуанбай 1964 - Тұлпардың ізі - Жаухаздың әкесі 1966 - Ата-бабалар жері - эпизод 1966 - Ән қанатында - газета редакторы 1966 - Менің арманым - Сапардың ағасы
Марапаттары "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер