Шаң көбелек () — Қабыршақ қанаттылар отрядының көбелегі. Қанат құлашы 26- 40 мм; құрсағының ұшында сарықызғылт бір шоқ қылтанақтары бар.

Еуропа, Солтүстік Африка, Кіші Азия, Солтүстік Америкада таралған. ТМД, Еуропалық бөлігінің орталық және оңтүстік аймақтарында, Қырымда, Кавказда кездеседі. Маусымнан тамызға дейін ұшады. Жұмыртқаларын қылтанақтарымен жауып жапырақтарға салады. Жас жұлдыз құрттары топтапып, (200-300) жібек жіппен оралған жапырақ ұяларында қыстайды. Ересектерінің денесін түк басқан. Егер оған қол тисе ызылдап, ашытады. Қалың жылдары жеміс ағаштарының жапырақтарынан түк қалдырмай жеп қояды.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Қабыршақ қанаттылар