Батыс Қазақстан облысының тарихы
Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында-ақ Еділ-Жайық өңірінде кешенді мал, егін шаруашылығы қалыптасты («Қазақ ССР тарихы», 1-том. А., 1980, 105-бет). Табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі б.з.б.1-мыңжылдықтың басында далалардың құрғауына әкелді, осы кезден бастап көшпелі жене жартылай көшпелі сипаттағы мал шаруашылығы жедел дамыды, ол әуелі шаруашылық жүргізудің негізі, содан соң басым түріне айналды. Көне грек авторлары еңбектерінде Көне грек авторлары, әсіресе Геродот өзінің еңбектерінде антика дәуірінде Еуразияның оңтүстік даласын мекендеген тайпалардың жалпы аты ретінде «скиф» терминін, олармен көршілес массагет, савромат (кейіннен - сармат), аргиппей, асси, пасиан, сакараул (сакараук) жөне басқа атауларды қолданған. Геродоттың айтуынша, Батыс Қазақстан өңірінде савроматтар тірлік кешкен. Савромат этнонимі кебіне екі мағынада — тайпалардың өз атауы ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданылған. Б.з.б. 2 ғасырда грек-рим жиһанкездеріне (Страбон, т.б.) савроматтардың «аорс» атты бір тайпасы белгілі болды, олар оңтүстік Орал өңірінен шықса керек. Геродоттың жазуы бойынша, савроматтардың сырт жағын будиндер, ал олардан солтүстікке таман фиссагеттер мен иирктер мекендейді. Одан ері «биік таулардың етегінде», сірә, оңтүстік-шығыс Орал өңірінде өмір сүрген аргиппейлер тайпасы аталады. Олар рулық, тайпалық бөлімшелер ретінде тілі бір, тегі ортақ скиф және сармат тайпаларының этномәдени бірлігіне кірген Б.з.б. 7-4 ғ-ларда савромат тайпалары Қара теңіз өңірінің скифтерімен, оңтүстікте үлкен Хорезм мен Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасады. Сарматтардың антропологиялық пішімі мен дене түрпаты Жерорта теңізі төңір егіне тән нәсілдік типпен теркіндес келеді. Батыс Қазақстанның тайпалары Батыс Қазақстанның кейбір тайпаларының тұрмыс-тіршілігінің негізі үздіксіз көшпелі мал шаруашылығы болды (б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысы). Мұндай көшпелі тұрмыс-салты табиғи климаттық жағдайға байланысты өзгермей сақталды, тіпті 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы авторлар жазбаларында облыс қазақтарының көпшілігі осындай көшпелі тірлік кешетіні керсетілгенерал Сонымен бірге Батыс Қазақстан өңіріндегі тайпалар арасында (Қараоба, б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысы) көшпеліліктің тұйық циклі байқалады, бұлар жер өндеу кәсібін меңгермеген, шөп шабу мардымсыз мөлшерде ғана болды. Ғұндар
Б.з.б. соңғы ғасырлар мен жаңа заманның бастау кездерінде Қазақстан аумағында, оның ішінде Батыс өңірінде ғұн атты азиялық тайпалар (тарихи әдебиеттерде — хунну немесе сюнну) мекен етті. Ғұндардың әскери жорықтары «халықтардың ұлы миграциясына» жол ашты. Олардың шаруашылық жүйесі экстенсивті мал шаруашылығы еді, қолөнер кәсібінің де дамуы байқалды. Малға отбасылық меншік және жеке адамның меншігі болғаны туралы мәліметтер бар. Дерек көздерінен оларда құралдардың болғанын, алым-салық алынғанын кереміз. Елбасы — шаньюй шексіз, дара жене мұрагерлік билік құрған. Он мың қолдық ескерді басқаратын ақсүйек шонжарлар «түменбасылар» деп аталды, олар онбасыларды тағайындайтын еді. Жанама дерек кездері бойынша, ғұндардың негізгі басым белігін бағзы түркі тайпалары құраған. Олар оңтүстік-шығыс Еуропа даласында 4 ғ-дың 70- жылдарында пайда болды. Осылайша ғұндар Батыс Қазақстанда 5-6 ғ-ларға дейін өмір сүріп, Қазақстан аумағында қалыптасқан ежелгі бірлестіктер құрамына енді. Ғұндар дәуіріне қатысты, «Шипов» қорымы мен езге ескерткіштерден кездейсоқ табылғандардан басқа, толық сақталған жәдігерліктер кездескен емес. Шаруашылығы, әлеуметтік дамуы мен медениеті жағынан андронов мәдениетінің далалық қауымдастығы мен қима мәдениеті бір-біріне өте жақын екенін атап кеткен жөн. Оғыздар Аймақтағы кешпенділердің орта ғасырлық кезеңі печенег-оғыз ескерткіштерінен көрінеді. Печенеггер ертеректе Сырдарияның орта шенінде қоныстанған «қаңғар» деген атпен белгілі көшпелі малшы тайпалар. Құлаған түрік қағанаты мұрагерлерінің 8 ғ-дың ортасында осы өңір үшін таласы кезінде қарлұқ, оғыз және қимақтардың біріккен күштері қаңғарларды солтүстік Арал өңіріне ығыстырды. Қаңғар-печенеггердің Еділ мен Жайық аралығында 8 ғасырда басталған көші-қонының алғашқы толқыны осы уақиғаларға байланысты болатын. Жабғу билеген оғыз мемлекеті күшейіп, 9 ғ-дың соңында Бұл аймаққа қаңғар миграңиясының екінші толқынын айдап келді, мұны кезінде парсы географы әл-Масуди жазып кеткен. Қаңғарлар Еділ-Жайық аралығында кейбір жергілікті тайпалардың басын біріктіріп, печенег тайпалық одағын құрды. Оғыздардың тықсыра шабуылдауы және хазарлармен болған сәтсіз соғыс печенегтердің басым бөлігін 10 ғасырда оңтүстік Русь жеріне қоныс аударуға мәжбүр етті, сөйтіп олар орыстардың сыртқы жауына айналды. Осы кезеңде печенегтердің бір бөлігі Жигули тауларына ауа көшті, кейін олар чуваш халқының қалыптасуына негіз болды. Бірсыпырасы Хазарияға бағынды, ал қоныс аудармай өз жерінде қалғандары оғыздарға бағынды. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (2-5 ғ-лар) Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаның этникалық-саяси картасына айтарлықтай өзгерістер енгізді. 5 ғасырда түркі тілдес тайпалардың «тирек» (теле) деген жалпы аты бар одағының көптеген топтары солтүстікте. Мекендеген жері моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр далалық аймақты тұтас мекендеді, оңтүстікте олар Әмударияның атырауына дейін көшіп-қонып жүрді. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, байырқу, толангет, беклі, қыбыр, сығыр, бұлақ, қарлұқ, эдиз, тариназ, забендер, тарғай, баргүр және т.б. тайпаларды атайды. 6 ғ-дың ортасында (558 жыл) түріктер Сасан әулеті билеген Иранмен соғыс одағын құрып, батыс эфталиттерді талқандады, жерін басып алды. 567 жылы Византия императоры II Юстиннің елшісі Земарх Кавказдан асып, Еділ, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Ол өзінің жүріп өткен жолындағы Батыс Қазақстан аумағында ұшырасқан түрік қоныстарын хатқа түсіріп отырды. Түрік қағаны Истеми 571 жылы солтүстік Кавказды жаулап алып, Боспорға (Керчьке) шығады, алаңдар мен утигурларды бағындырады. Оның ұлдарының бірі Түріксанаф Киммерия Боспорына басып кіріп, қырымға жойқын жорық жасады. Міне, осы жорық тардың бәрі Батыс Қазақстан жері арқылы өтеді. Түрік бірлестігінің шаруашылық негізі көшпелі мал шаруашылығы болатын. Барша билік қағанның қолында еді. 9-10 ғ-ларда Арал теңізінің атырауында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында орта ғасырлық оғыз тайпаларының мемлекеті құрылды. Бүл оғыз конфедерациясы оңтүстік және Батыс Қазақстан ның байырғы тұрғындарына кірме элементтердің араласуы нәтижесінде пайда болды. Оның құрамына қаңғар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының, Каспийдің солтүстік төңірегінің далалық тайпалары енді. қырық рудан құралған бұлардың арғы тегі үнді-еуропалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түркіленген тайпалар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі далаңы мекендеген алаңдар, астар болды. Аралдың батыс өңірінде 9-10 ғ-ларда бажғар, нукарда, банжа тайпалары қоныстанды, кейін олар да оғыз мемлекетінің құрамына кірді.
Оғыз мемлекетінің құрамы Оғыз мемлекетінің басты бөлігін қарлұқ, халаж және басқа түрік тайпалары құрады. Оғыздардың қалыптасуында имақ-қимақ тайпалары, сондай-ақ баяндұрлар, имурлар және қайлар маңызды рөл атқарды. Тарихи деректерде, мәселен, «Диуани лүғат ат-түрікте» оғыз тайпаларының мынадай тізбесі келтіріледі: қынық, баюндар, ива, салүр, афшар,бектілі, бакдүз, баят, язғыр, имур, қарабұлақ, алабұлақ, иғдыр, урегир, тұтырқа, улаонулуг, түгер, жебни, бежене, жуылдар, жаруклуғ (1-том, 56-57-беттер). Оғыздар «ұрүғтар» мен «аймақтарға» бөлінді, өз кезегінде олар «ел» деп аталған ірірек тайпалар одағының құрамына енді. Олар көршілес халықтармен үнемі тоғысып отырды, парсы тілдес еуропалықтармен араласқан мұндай этникалық топтар «түркімендер» деп аталды. Оғыздардың көші-қон қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жақ жағалауында болды. Мүғалжардың солтүстік-шығыс беткейлері мен оңтүстікОрал сілемдері арасында оғыздардың Даранда (Дендера) және Дарку деген шағын қамалдары табылды, соңғысы, сірә, оғыз билеушісінің жазғы ордасы болуы керек. Оғыз тайпалары башқұрттармен, бұртұстар мен шекаралас болды. 9 ғ-дың соңында оғыздар хазарлармен одақтасып, печенегтерді ойсырата женді де, Жайық пен Еділ аралығын өзіне қаратып алды. Олар түркі тілдес тайпалар -қарлұқтармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыста болды. Әдет-ғұрпы Мәселен, Андараз Хифчак аймағындағы қимақтар мен оғыздардың әдет-ғұрпында айырмашылық жоқ еді. Оғыздардың да, қыпшақтардың да тілінде сөз басында «ж» дыбысының басым айтылуы олардың туыстығын дәлелдейді. Бұл байланыстарды ежелгі қазақ аңыздарынан да байқауға болады. Ілкі ортағасырлық оғыздар бірлестігі құрған мемлекеттің басшысы «жабғу» (ябғу) деген атағы бар жоғарғы билеуші болды, оның кеңесшілері «күлеркін» делінді. Сарай маңындағы күнделікті өмірде ақсүйектер кеңесі — «қаңғаш», әскербасы — «сюбашы», жабғудың әйелі — «қатын» маңызды рөл атқарды. Жабғудың мұрагері «инал», ал оның тәрбиешісі «атабек» деп аталды. Билеушіні сайлау әдет-ғұрып құқықтарының жазылмаған жиынтығы — «төре» бойынша өткізілді. 10 ғасырда оларда салық салу жүйесі болды. Оғыздар Хазариямен ұзаққа созылған күрес жүргізді, 965 жылы оларды талқандады. 985 жылы князь Владимир оғыздармен бірге бұлғарға жорық жасады. Бірақ кейін оғыз мемлекетінің өзі қыпшақ тайпаларының соққыларынан құлады, осылайша оғыздардың қалдықтары 11 ғ-дың ортасында Дешті қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Қыпшақтар мен қимақтар 8-9 ғ-ларда қыпшақтар мен қимақтардың ортағасырлық бірлестігі құрылды. Алғашқыда қимақ федерациясына эймур, йемақ, татар, байандүр, қыпшақ, ланиказ және ажлад тайпалары кірді. қыпшақ тайпалары 9 ғ-дың ортасында оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығыс жағынан Арал маңы далаларына дейін көшіп-қонып жүрді. 9 ғасырда печенег тайпалары оғыздардың, қимақтардың және қарлұқтардың одағынан жеңілді, соның нәтижесінде қимақ тардың біразы Жайық бойына, Арал мен Каспий маңы далаларына орналасты. Осы жерде Қазақстанның басқа да аудандарында қимақтардың мемлекеті (9 ғ. соңы -10 ғ. басы) қалыптасты, оның жоғарғы билеушісінің «хақан» аталуы («жабғу» атағынан екі саты жоғары) қимақтардың көне түрік элементтерімен даусыз байланысын көрсетеді. Саяси күрестер нәтижесінде қыпшақ тайпалары Сырдария өзенінің бойына, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстігіне иелік етті, ал оғыздар амалсыздан оңтүстік орыс және қара теңіз далаларына ауа көшуге мәжбүр болды. Осылайша қыпшақтар қимақ мемлекетінде басымдылықта жетіп.
Басты кәсібі Қимақтар мен қыпшақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Күнкөріс үшін аң аулаудың да орны ерекше еді. Сонымен бірге жартылай отырықшы және отырықшы халық шоғырлана қоныстанған топтар болды, қолөнер кәсіпшілігі дамыды. Түркі тілдес тайпалардың ежелгі діні мен наным-сенімінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге («Иер-Суб» — Жер-Су) сыйыну болды. Өзінің мәні жөнінен бұлардан кейін тұрған әйел тәңірісі — Ұмай отбасы мен балашағаны қорғап-жебеуші саналды. Сондай-ақ қасиетті тауларға («Ыдұқ баш»)және жер асты дүниесінің әміршісіне («Ерікліг») сену де үлкен орын алды. Отты пір тұтты, отпен аластады және басқа да көптеген шаман ғұрыптарын тұтынды. Өз наным-сенімдерімен бірге басқа да өркениеттер тудырған дін жүйелері — буддизм, манихейлік, христиандық тарала бастады. 1-мыңжылдықтың орта шені мен 2-жартысы Ұлы Далаңың, оның ішінде Каспий-Арал маңы аймағы халықтарының түркілену дәуірі деп қарауға болады. Олар алғашында соғды жазуын («ұйғыр алфавиті») қолданса, 7 ғ-дың басынан бастап 38 таңбадан тұратын төл түрік жазу үлгісін («көне түркі руникалық ескерткіштері») пайдаланды.
Половецтер