Зәуре Мұхтарова (1902, Ілбішін уезі, Калмыков к. — өлген жылы белгісіз) жергілікті басшы. Ұлты татар. 1936 ж. наурыздан Батыс Қазақстан облысы БК(б)П Теректі ауданы комитетінің хатшысы. 1937 ж. мамырдан БК(б)П Қаратөбе ауданы комитетінің 1-хатшысы. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті мүшелігіне кандидат. 1937 ж. қарашада алашордашы Шайназаровқа тұрмысқа шыкқаны үшін және «буржуазияшыл ұлтшылдарды қорғаштады» деген айыппен қызметтен босатылды. 1937 ж. Гурьев округі Есбол ауданы атқару комитетінің төрайымы.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Санат:1902 жылы туғандар Санат:Алаш Орда қайраткерлері