thumb|right|Люля-кебаб Люля-кебаб - әзірбайжан, армян, араб елдерінің тағамы.
Қойдың сұрпы етін, пияз, құйрық майды ет тартқыштан өткізеді. Содан кейін тұздап, бұрыштап, жақсылап араластырады да, темір істікке шаншып, шоққа аударыстыра отырып қақтайды. Гарнирге — жас көкөніс (салат, көк пияз, тархун) береді, ал кептірілген зеректі (сумах) ыдысқа салып дастарқанға бөлек қояды. 1 кг қой етіне: 40 г құйрық май, 1 бас пияз, көк пияз, тархун, тұз, бұрыш — татымына қарай.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Қой еті тағамдары Санат:Әзербайжан асханасы Санат:Армян асханасы Санат:Араб асханасы