Су шүйлімі - суда өсетін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Гүлі су үстінде өседі. Тұқымынан көбейеді. Жемісі ромб тәрізді, 4 мүйізді, ені 2,5-4 см, ұзындығы 2 см. Су түбіне түскен тұқымның өнгіштігі 50 жылға дейін сақталады.
Жайық өзенінің бойында таралған. Жаңғақ жемісі азық-түлікке, мал азығына пайдаланылады, сондай-ақ халық медицинасында да қолданылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Биология