«Бөкей ордасының мектеп альбомы» - 1896 ж. Астрахан губерниялық басқарма баспаханасында орыс тілде басылып шыққан кітапша. Алғысөзінде атап өтілгеніндей, «Альбомды жарыққа шығарудағы басты мақсат — Қазан оку ісі округінің мәртебелі Қамқоршысының ұйғаруы бойынша Бөкей ордасындағы оқу-ағарту ісінің қазіргі жай-күйін нақты фотосуреттермен, тарихи-этнографиялық түрғыдан баяндау». Бөкей ордасының мектеп альбомының құндылығы сол - онда белгілі фотограф С.И. Климашевскаяның 29 суреті (әр тақырыпқа бір суреттен) берілген. Кітапшада 19-ғ. соңындағы Ордадағы оқу ісіне жан-жақты талдау жасалады, әсіресе мектептерге бөлінген қаржының жүмсалу жайы толық баяндалады. Ал аталған суреттерден тек мектеп, оқу ісі ғана емес, соңдай-ақ Жәңгірдің моласы, белгілі адамдар, Ордадағы мешіт, жәрмеңке және т.б. көптеген тарихи деректер алуға болады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Бөкей ордасының мектеп альбомы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.