Төлеубай Ыдырысұлы Аманов (25.8.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). Уақ тайпасынан шыққан.

1940–42 ж. Семей пед. институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогика институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–1953 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–1970 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды.

Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.Қазақ энциклопедиясы

Төлеубай Амановтың ғылыми мұрасын жалғастыру мақсатында Математика және математикалық модельдеу институтында оның есімі берілген функциялар теориясы және функционалдық анализ зертханасы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Сілтемелер Мақтанышымыз түлектеріміз - Семей Мемлекеттік Педагогикалық ...

Санат:1923 жылы туғандар Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар