Құмырсқа арыстандары (Myrmeleontidae, Myrmeleoni­dae) - тор қанаттылар тұқымдасына жатады. Ересек құмырсқа арыстандары инелікке ұқсас. Жақсы ұша алмайды. 2000 түрі негізінде тропикада таралған. ТМД-да 10 түрі белгілі. Кең таралған түрі кәдімгі құмырсқа арыстандары, (Myrmeleon formicarius). Дернәсілдері, жыртқыштар. Олардың жақтары ұзын, орақ тәрізді, басының алдыңғы жағында шығыңқы орналасқан. Қорегін тосқауылдап, аңдып ұстайды. Топырақтан алдыңғы жақтарын шығарып, жасырынын жатады да, топырақта малтығып жүрген жәндіктерді жағымен қағып алады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Тор қанаттылар