Болат Құрманбекұлы Жандарбеков (9 ақпан, 1932 жыл, Алматы — 25 наурыз, 1991 жыл, Алматы) - режиссер, жазушы, сценарийші, драматургҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. 183-б./573. Құрманбек Жандарбековтың ұлы.

Өмірбаяны ҚазМУ-ді бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеті режиссерінің ассистенті, режиссері. «Қазақфильм» киностудиясының режиссері болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты.

Шығармашылығы Тарихи жанрға қалам тартты. Шығармаларын орыс тілінде жазды. «Томирис» атты 1989 жылы жарыққа шыққан тарихи романы оқырман қауымның жоғары бағасына ие болды. «Сақтар» атты тарихи дилогиясы халқымыздың көне дәуірінен сыр шерткен елеулі көркем туындылар тұғырынан орын алды. Театр сахнасында қойылған және «Қазақтелефильм» киностудиясында түсірілген бірнеше пьесалар мен сценарийлер авторы. Саки. А., 1997.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:25 наурызда қайтыс болғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Қазақстан сценарийшілері