Есекқұрттар () – тең аяқты шаяндылар отряд тармағы. Дене ұзындығы 1-50 мм; 1000 астам түрлері белгілі, ТМД-да негізінен Кавказбен Орта Азияда таралған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 Құрлықта өмір сүреді. Көбінесе ылғалды жерлерді мекендейді. Тіршілігі түнде басталады. Шілді аймақта өмір сүретін есекқұрт түрінің, (Hemilepistus cristatus) інінің тереңдігі 1 м жетеді. Кейбір түрлері ылғалды жерде еріген оттегімен тыныстайды. Суда тіршілік ететін түрлері де бар, (Ligia туысы). Өсімдікпен қоректенеді. Топырақ құру процесіне қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Теңаяқтылар