Железнов Владимир Феофилантович (1863, Орал қаласы — 1919, сонда) — тарихшы, этнограф, жергілікті казак-орыстардың фольклорын жинаушы. 1 - дүние жүзілік соғысқа қатысқан, генерал- майор. Әскери тарих және Орыс географиялық қоғамы этногр. бөлімінің мүшесі. 19 ғасырдың 90-жылдары әйелі А.В.Железновамен бірге Жайықтың оң жағалауындағы Орал казак-орыстарының хуторлары мен поселкелерін аралап, фольклорлық материал жинау сапарьша шыққан. «Орал казак-орыстарының әні» (1899) атты жинағы жарияланған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1863 жылы туғандар Санат:1919 жылы қайтыс болғандар