Өмірхан Әбдіманұлы (3.3.1953 жылы туған, Жамбыл облысы, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы) – филологикалық ғылыми докторы (2007). Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1982), ҚазҰУ-дың аспирантурасын (1991) бітірген. «Жезқазған туы» газетінде әдеби қызметкер (1983), ҚазҰУ-да оқытушы (1991–1993), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Әбдіманұлы қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосты.
Шығармалары: Ахмет Байтұрсынұлы, А., 2007; Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея, А., 2007.
Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар