Аюпов Биболат Насырұлы (1935, Бөкей ордасы ауданы, Талап ауылы - 1969) - күйші.
1957 ж. ҚазМУ-дің физика-математика факультетін бігірген. 1957-58 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Ядролық физика институтында ғылыми қызметкер. Жұмыс бабында сәуле ауруына ұшырағандықтан елге оралады. 1958-60 ж. Орда орта мектебінде мұғалім, 1960-62 ж. Жәнібек ауданы комсомол комитетінің 1- хатшысы, 1962-69 ж. сонда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.
Мәскеуде өткен (1957) Дүние жүзіндегі жастар мен студенттердің 6-фестивалының дипломанты.
Қазақ радиосының қорына оның орындауында бірнеше күйі жазылған. 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Орда, Жәнібек ауданы халық оркестрінің жетекшісі болды. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Күйшілер Санат:1935 жылы туғандар Санат:1969 жылы қайтыс болғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері