Агент — жүйеге процесс жүргізу үшін енгізілетін жай зат, химиялық қосылыс немесе заттардың қоспасы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
Тау-кен ісі саласында
Агент () — химиялық реакцияларда, флогациялық байыту әдісінде, металлургиялық процестерде белгілі бір мақсатпен қолданьілатын әрекет етуші заттар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9.
Түрлері
Белсендіруші агент - реагенттерді белсенді күйге жеткізетін агент.
Бүркемелеуші агент - химиялық бүркемелеуге арналған агент.
Вулкандаушы агент - кексағыз молекулаларының арасындағы көлденең байланыстар түзуші агент.
Дегидраттаушы агент - сусыздануды іске асыратын агент.
Десорбтаушы агент - абсорбция жене адсорбция процестерінде сорбенттің регенерациялануы жене сорбаттың десорбциялануы үшін сорбент арқылы еткізілетін бу немесе газ.
Жылытқыш агент - жылытуға арналған жылу тасушы агент.
Көбіктендіргіш агент - көбіктенуді іске асыратын агент.
Кептіргіш агент - конвективті кептіруде қолданылатын ауа, отын газдары жене аса қыздырылған бу.
Көктеуші агент - макромолекулалар арасындағы көлденең байланыстар пайда болу үшін полимерге енгізілетін агент.
Су тартқыш агент - сусыздануды іске асыратын агент.
Сульфирлеуші агент - молекуланың құрамына күкірт енгізуші агент.
Суытқыш агент - суытуға қолданылатын жылу тасушы агент.
Тоңазытқыш агент - қайнау немесе ұлғаю процесінде суытылатын нысаннан жылуды тартып алатын және сығылудан кейін оны суытатын ортаға (мысалы, суға, ауаға және тағы басқа) беретін тоңазытқыш машинаның жұмысшы заты.
Дереккөздер
Санат:Химия