нобай|оңға|220px||Аутопортрет көшірмесі, Гренобль мұражайы Филипп де Шампань, де Шампень (; 26 мамыр 1602 жыл, Брюссель — 12 тамыз 1674 жыл, Париж) — барокко дәуірінің француз суретшісі.
Өмірбаяны Брюсселде кедей жанұяда туған, пейзажист Жак Фукьердің тәлібі болған. 1621 жылы Парижге көшкен, және Николя Дюшененің бастауымен Николя Пуссен екеуі Люксембург сарайын безендірген. Николя Дюшене қызын соған күйеуге берген.
Қайын-атасы өлгеннен кейін, Шампань ханшайым-ана Мария Медичиге жұмыс істейді, және де кардинал Ришельеге сарайын көркейтіп береді, шіркеу және де басқа ғимараттармен айналысады. 1648 жылы патша суретшілер академиясының мүшесі және негізін қалаушысы болады. Симон Вуэмен бірге сол дәуірдің аса құрметті суретшісі болған. 1654 жылдан Шарль Лебренмен жарысады, соның қоластында Тюильри қамалын әсемдейді.
Өмірінің соңында мұғалімдік, үйретушілікпен көп айналысады. Жазба мұра қалдырғаны жоқ, бірақ 1660 жылдар Андре Фелибьен жазған лекциялары мен талқылаулары сақталды.
1640 жылы Шампань янсенизмнің әсерінде қалады. Содан соң, жүре алмай қалған қызы керемет мұғжизамен Пор-Рояль монастырінде, Шампань өзіне сай емес жанрда «Ex-Voto de 1662» (қазір Луврда) атаулы вотив суретінде өзінің қызы мен монастыр қызметкерін суреттейді. Суретші Парижде дүние салған. нобай|250px|left||«кардинал Ришельенің үштік портреті», 1637, Ұлттық Көрме, Лондон
Жұмыстары Шампань өзінен соң көптеген бейнелеу жұмыстарын қалдырған, әсіресе діни тақырыпқа. Бірақ оның мұрасының ішінде ең атақтысы Ришелье портреті. Оған қоса ол Мазарини портретін салған, XIII Луидің, Жан-Батист Кольбердің, виконт Анри де Ла Тур д'Овернь Тюренннің, II Чарльздің, және де Блез Паскальдің, Вуатюрдің, сәулетшілер Жак Лемерсье мен Франсуа Мансардың, ж-е т.б. тұлғалардың суретін салған.
Ертеде Питер Пауль Рубенстен әсерленген, одан соң оның мәнері қатаңдық пен құрғақтыққа ие болады. Оның портреттік туындылары қазір діниден аса бағаланады.
Сілтеме
Шампань artcyclopedia.com Шампань wga.hu Оn line бейнелеу
Әдебиет Rosenberg P. Philippe de Champaigne. Milano: Fratelli Fabbri, 1966 Dorival B. Philippe de Champaigne, 1602—1674: la vie, l'œuvre, et le catalogue raisonné de l'œuvre. Paris: L. Laget, 1976 Lesné Cl. Philippe de Champaigne et Port-Royal. Paris: Seuil, 1995 Marin L. Philippe de Champaigne, ou, La présence cachée. Paris: Hazan, 1995 Philippe de Champaigne, 1602—1674: entre politique et dévotion/ Alain Tapie, Pierre-Nicolas Sainte-Fare-Garnot, eds. Paris: Réunion des musées nationaux, 2007.
Санат:Франция суретшілері Санат:Портретші-суретшілер Санат:1602 жылы туғандар Санат:Брюссельде туғандар Санат:1674 жылы қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар