Алғашқы қуыстылық. Тау жынысының түзілу сәтімен орайлас қалыптасатын кеуектілік яки қуыстылық. Бұл қуыстылыққа жататындар: тау жынысын құрайтын түйіршіктер мен бөлшектер аралығындағы қуыстар; қабатталу жазықтықтарының аралығы; кейбір атқылама жыныстардағы көпіршіктер орны мен кеуектер. Синонимі — синтектік қуыстық.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
Дереккөздер
Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология