Қайрат Әбдіраманұлы Әлімбек (16.6.1963 - 23.9.2006 ) — ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994), Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Шаңырақ» этножурналистика сыйлығының иегері (2005).
1963 жылдың 16 маусымында Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Ақындығы анасы Айымхан Құрманқожақызынан жұғысты болған. 1985 жылы ҚазМУ-дің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірді 1985-87 жылдары Қаратал аудандық газетінде қызмет атқарды 1987-97 жылдары республикалық «Арай-3аря» журналында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Алматы ақшамы», «Дала дидары», «Өркен-Горизонт» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды 1997-98 жылдары Қазақ радиосы бас редакторының орынбасары 1999 жылдан «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі, «Көзқарас-Позиция» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерінде ҚХЕҚ журналында бас редактор қызметін атқарған, ҚХЕҚ құрметті мүшесі Қайрат Әлімбек 2006 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы-Талдықорған тас жолындағы жол апатынан Шеңгелді маңында мәңгілікке көз жұмды. Жол апаты болған орында ескерткіш құлпытас қойылған. Сондай ақ, Жетісу облысындағы М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан арнайы бұрыш ашылып, қолданған заттары қойылған. Қаратал аудандық өлкетану мұражайында еңбектері мен кітаптары сақтаулы. Ал өзі оқыған Жылыбұлақ ауылындағы орта мектепте Қайрат Әлімбек атындағы қазақ әдебиеті кабинеті бар. 2015 жылы ақын өлеңдері мемлекет басшысының бастамасымен жарық көрген «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» онтомдық антологиясына енген. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының қорында Қайрат Әлімбектің 100-ге жуық мақаласы сақтаулы. ақынның отбасылық архиві
Шығармалары: «Сөзімнің гүлі» (1989) «Жоқ іздеген жігітпін» (1994) «Намыс найзагері» (2000) «Махаббатстан» (2003) жыр жинақтары жарық көрген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3 «Көзімнің нұры» (2007) «Жоқ іздеген жігіт» (2023)
Отбасы: Жары - Сұлтанқызы Қуанышкүл Ермаханова - филолог, ҚХЕҚ-ның мүшесі, құрметті мүшесі , емші. (1966.03.29-2015.06.28)
Ұлдары - Дәулеткелді Қайратұлы (жары : Анар Қайрат (Ермаханова), Алланазар Қайратұлы (жары: Мөлдір Туканова)
Немерелері: Әбдірахман Дәулеткелдіұлы, Дәлеткелді қыздары Айкүн, Інжу, Шұғыла. Және Али, Наби, Санжар - Алланазарұлдары.
Үлкен немересі Әбдірахман Қайрат - «Ұлан» газетінің жас тілшісі, «Алматының жас жазушысы - 2026» титулының лауреаты, «Алматы дарыны» орталығының амбассадоры төсбелгісінің иегері, «Елбасы медалі» қола медаль иегері, жас жазушы, болашақ журналист. Өзі оқыған Алматыдағы №174 мектеп-гимназияда ерекше қоғамдық белсенділігімен көзге түскен.ақынның отбасылық архиві
Дереккөздер