Биіктік бұрышын анықтағыш радиолокациялық станция ( ) — әуе нысаналары орнының (биіктігінің) бұрышын дәл анықтауға арналған радиолокациялық станция. Олар, әдетте, әуе нысаналарының азимутын (бағыттық бұрышын) және қашықтығын анықтайтын екі координатты радиолокациялық станциямен бірге жұмыс істейді. Биіктік бұрышын анықтағыш радиолокациялық станция орнатылған орнына қарай жер үсті және кемелік болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс