Тапал-зеңбірек — зеңбірек пен келте зеңбірек қоса үйлестірілген, бірақ зеңбіректің қасиеті басым болатын артиллериялық қару.
Тапал-зеңбірек төсей және аспандата атыс жүргізуге арналады. Зеңбірекпен салыстырғанда Тапал-зеңбіректің ұңғысы қысқа, ұңғысының көтерілу бұрышы және снарядтың түсуі жоғары болады. Келте зеңбірекпен салыстырғанда Тапал-зеңбіректің атыс қашыктығы басым келеді.
Тапал-зеңбірек әскери (далалық) артиллерия құрамына кіреді. Қазіргі заманғы Тапал-зеңбіректің калибрі 152155 мм, снарядының салмағы 43—46 кг, ең алыс ату қашықтығы 17—25 километр. Жылжу тәсіліне қарай Тапал-зеңбірек сүйремелі, өздігінен жылжитын және өздігінен жүретін болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс
en:Haubitzer pl:Haubicoarmata ru:Гаубица-пушка