Дефис ( - бөлу, — тире) — кішкене сызықша, емле белгісі.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Оның қойылатын орындары: а) Лексикалық мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасында: инженер-технолог, батыр-ұшқыш; ә) Қос сөздердің арасында: ел-жұрт, алай-дүлей; б) Сөзді тасымалдағанда; в) Реттік сан есімдерді қолданған жағдайда: 3-жыл, 5-рет; г) -ақ, -ау, -мыс, -ды демеуліктері тіркескен жағдайда: айтады-мыс, келмеді-ау; д) Қосымшаларды ерекшелеп көрсетуде: -ған, -ген, -мын, -мін; е) Екі сөзден тұратын фамилияларда, адам аттарында: Тұрсын-заде, Салтыков-Щедрин т. б.
Тағы қараныз: Грамматика Орфаграфия Дереккөздер
Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика