Мотоатқыштар ротасы (Мотострелковая рота) — қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен қаруланған тактикалық бөлімше. Ол жинақы шапшаңдығымен, маневрлілігімен, жаппай жою каруының әсеріне төзгіштігімен ерекшеленеді. Мотоатқыштар ротасы басқа әскер түрлерімен өзара қимылда қарсыласты қарсы шабуылда және бетпе-бет ұрыста шабуылдауға, адам күшін, атыс құралдарын жоюға, оның позицняларын алып, шабуылды тез қарқынмен дамытуға кабілетті. Рота шабуылында майданның ені 800 м-ге жетуі мүмкін. Қорғаныс кезінде Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін ала отырып, қарсыластың алдыңғы шебіне соқкы береді, оның жаяу әскері мен танкілерін шығынға ұшыратып, жеңіп алған пәзицияларын табан тіреп ұстап тұрады. Қарсыласты өзіне берілген және қолдайтын атыс құралдарымен жоя отырып, Мотоатқыштар ротасы ұрыстың барлық түрлерінде алға қойған мақсатка жету жолында ядролық соққы нәтижелерін ізінше пайдалана білуі керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс