Хабарлау шебі (Рубеж оповещения) — әуе қарсыласының жақындауы кезінде олар туралы әскерлер мен объектілерге хабарлау жүргізілетін шартты желі. Хабарлау шебінің өз әскерлерінен және объектілерінен қашықтығы әуе нысаналарын табу алыстығына, олардың координаттарын анықтау уақытына және ұшу бағытына, сондай-ақ хабарлау сигналдарын беруге байланысты болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс