Ұшақтың ұшу-тактикалық сипаттары (Летно-тактические характериетики самолета) — белгілі бір типті ұшақтың (тікұшақтың) ұрыстық сапасын сипаттайтын көрсеткіштер: тез көтерілу, ұшудың ең шапшаң жылдамдығы, ұшудың ұзақтығы мен алыстығы, маневрлілігі, басқарылуы, беріктігі, қону сапасы, ұшақтың қарулануы. Өз ұшағының және қарсылас ұшағының ұшу-тактиқалық сипаттарын білу белплі бір жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде өз ұшақтарының жауынгерлік мүмкіндіктерін толық пайдалануға жағдай жасайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс