БГС Ақсай футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Базасы Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Ақсай қаласында. 2002 жылы ресми түрде жабылып қалған. Кейінгі жылдары футзал қауымдастығына тіркелді.
Тарихы 1993 жылы "Қарашығанақ" деген атпен Қазақстан чемпионатының жоғары лигасына қатысты. 1994 жылы бірінші лигаға түсіп қалды да, 2002 жылға дейін ешқандай турнирге қатыспады.
2002 жылы БГС Ақсай деген атаумен екінші лиганың "Батыс" аймағында ойнап, соңғы орында қалды. Команда содан соң кәсіпқой лигаларда бас қоспады.
2017 жылы Ақсай қаласының футбол чемпионатына және Батыс Қазақстан облысының футзал турниріне қатысты.
Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 маусымды жоғарғы дивизионда өткізді.
Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты: 1992 — 4:1 («Қайсар», Қызылорда)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты: 1992 — 1:7 («СКИФ-Ордабасы», Шымкент)
Клуб атауларының тарихы «Қарашығанақ» (1992-1994) «БГС Ақсай» (1994-2002)
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:1992 жылы құрылған футбол клубтары Санат:2002 жылы жабылған футбол клубтары