Ортау – Сарыарқаның оңтүстігіндегі аласа таулы массив.

Географиялық орны Қарағанды облысының Шет ауданы жерінде, Ақадыр кентінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1068 м. Ортау солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 – 45 км-ге созылып жатыр, ені 12 – 15 км.

Геологиялық орны, жер бедері Жоғарғы палеозойдың гранит жыныстарынан түзілген. Суайырық жотаны және етектерін көктемде ғана ағын болатын кішігірім өзендер (Құрманақа, Сұлуманақа, т.б.) қатты тілімдеген.

Өсімдігі Топырағы құнарсыз, қиыршақтасты, тұзды, сортаң. Шөлейттік жусан, сораң шөп, беткейінде бетеге өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары