Кеменің төзімділігі (Жизнестойкость корабля) — корпусының конструкциясына, құрылымына, қорғаныс жүйесіне, техникалық құралдарына, кемені құрудағы олардың дұрыс орналасуы мен жұмыс істей алуына, кемені күнделікті іске қосуда, ұрысқа даярлықта және оны жүргізуде жеке құрамның шебер іс-әрекетіне, өмір үшін күрес жүргізуге даярлығына байланысты сапасы. Өміршендігінің негізгі элементтері: батпауы, жарылыс, өрттен сақтау, қару-жарак, техникалық құралдардың беріктігі, жеке құрам қорғанысы. Өмір үшін күрес ісшараларына соғысқа жарамдылықты сақтау мақсатында жүргізілетін авариялык және ұрыс кезіндегі бүлінуді болдырмау жатады: суды сыртқа ағызу, ертті сөндіру, қоймадағы қару-жарақтың жарылуын болдырмау, жалпы кемелік жүйе мен оны электр қуатымен қамтамасыз етуді ретке келтіру.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс