Кемелер дәрежесі () — кемелерді тактикалық, техникалық элементтеріне, қарулануына және судағы салмағына байланысты саралау.
Әскери-теңіз флотында кемелер 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежелі кемелерге авианосецтер, салалық кемелер, крейсерлер, үлкен сүңгуір қайықтардың кейбір түрлері жатады; екінші дәрежеліге — эскадралық, миналы кемелер, канонер қайықтары, үлкен және орташа сүңгуір қайықтар жатады; үшінші дәрежеліге — күзет кемелері, тралшылар, кіші сүңгуір қайықтар, қайыққа қарсы қорғаныс кемелері, төртінші дәрежеліге — торпедалық катерлер, сауытты катерлер, кайыққа қарсы қорғаныс кемелерінің кіші түрлері, тралшы катерлер жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Кемелер